Бүгін біздің мектепте аудандық білім бөлімі хаты негізінде «Педагогтардың эмоционалдық күйіп кетуінің алдын алу» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында педагогтардың эмоционалдық жағдайын сақтау, кәсіби күйзелістің алдын алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарды талқылады.





