Қазақстанда балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында «Окно – SAFE» республикалық акциясы басталды
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында еліміз бойынша «Окно – SAFE» атты кең ауқымды ақпараттық науқан іске қосылуда. Бұл бастама балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алуға бағытталған. Мәселенің өзектілігі статистикамен дәлелденеді: 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиғалардың саны 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 1,8 есеге артқан. Негізгі қауіп тобы — 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар.
⏱ Науқанның негізгі элементі – отбасыларда «Қауіпсіздік минуты» атты әдетті қалыптастыру. Бұл тұрғын үйді күн сайын қысқаша тексеруді қамтиды, яғни терезе бекіткіштерінің жарамдылығын және бала терезеге шығуы мүмкін жиһаздың терезе алдына жақын орналаспауын бақылау.
Негізгі назар ата-аналарда тұрмыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Өңірлердегі практикалық шаралар кешені:
✓ Мектептер мен балабақшаларда «Қауіпсіз үй» тақырыбында арнайы сабақтар, сондай-ақ бейінді мамандардың қатысуымен ата-аналар жиналыстары өтеді.
✓ Тұрғын үй секторында МИБ және басқарушы компаниялармен бірлесіп, терезе құлыптарын орнату және ақпараттық чек-парақтарды тарату жұмыстары ұйымдастырылады.
✓ Денсаулық сақтау жүйесінде жаңа туған нәрестелерге патронаж жүргізу кезінде медицина қызметкерлері тұрғын үйлерге қысқаша «қауіпсіздік аудитін» жүргізіп, ата-аналарға практикалық ұсынымдар береді.
Науқанды жүзеге асыру мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының тығыз өзара іс-қимылы есебінен қамтамасыз етіледі. Бірлескен күш-жігер ересектердің балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ әрбір үйде қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Барлық деңгейдегі жұмысты үйлестіру еліміздің барлық өңірлерінде балалар қауіпсіздігінің бірыңғай стандарттарын қалыптастырып, тәуекелдерді жүйелі түрде төмендетуге мүмкіндік береді.





