Айыртау аудандық білім бөлімінің хатына сәйкес 2025 жылғы 24 қазанда «Всеволодовка бастауыш мектебі» КММ-де республикалық мәдени-ағартушылық жоба «Ұлттық диктант» өткізілді.
Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, азаматтардың сауаттылық деңгейін жетілдіру, ұлттық бірегейлікті және тіл мәдениетін нығайту.
Диктантқа мектептің 5 қызметкері қатысты.
Шара басталар алдында қатысушыларға жоба мақсаты мен маңызы түсіндірілді.
Іс-шара жоғары деңгейде, ұйымдасқан түрде өтті. Қатысушылар өздерінің сауаттылық деңгейін тексеруге қызығушылық танытып, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған осындай жобаларға алдағы уақытта да қатысуға ниет білдірді.
Жауапты:
Айғужина Анар – «Всеволодовка бастауыш мектебі» КММ қазақ тілі мұғалімі.





