22 наурыз – Наурыз мейрамы
22 наурыз күні мектебімізде Наурызнама онкүндігі аясында «Наурыз келді!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Балалар шағын мерекеге қуана қатысып, көктем туралы өлеңдер оқыды, әндер орындады, көтеріңкі көңіл күй мен шаттыққа бөленді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға бауырсақ пен тәттілер ұсынылып, нағыз мерекелік, жылылық пен қонақжайлық атмосферасы қалыптасты.





