22 наурыз – Жыл басы
22 наурыз – Наурыздың басты күні. Бұл күн күнтізбе бойынша жаңа жылдың басталуы, көктемнің келуі және табиғаттың жаңаруы болып саналады. Бұл – қуаныштың, жаңарудың, тазарудың және жарқын болашаққа деген үміттің уақыты.
Бұл күні жаппай мерекелер, халықтық серуендер, концерттер, мерекелік дастархандар мен ұлттық ойындар өтеді. Адамдар қыспен қоштасып, көктемді қарсы алып, жаңа жылда сәттілік пен табыс тілейді.
22 марта – Жыл басы
Біздің мектебімізде Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – Жыл басы» атты салтанатты іс-шара өтті. Оқушылар өлеңдер оқып, ән айтып, қазақ халқының салт-дәстүрлері, музыкалық аспаптары, ұлттық ойындары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, олар осы мерекенің басты рәміздері мен қазақ ұлттық тағамдары жайында баяндап берді.
Өте қызықты әрі танымды викториналар мен байқаулар өткізілді, онда оқушылар қонақтарға «Наурыз мейрамы» туралы білімдерін көрсетті. Іс-шараға ауыл қонақтары мен ата-аналар шақырылды. Шараның соңында мерекелік дастархан жайылды.